Су жаңа Toyota Land Cruiser 300 автокөлігінің тұсаукесері

Непревзойденные возможности с новой силой:

• 9 маусымда Toyota маркасының флагманы — су жаңа Land Cruiser 300 автокөлігінің әлемдік тұсаукесері өтті.
• Тұсаукесер сапасының, сенімділігінің және жолсыз жердегі сипаттамаларының арқасында аңызға айналған культті Land Cruiser автокөліктері тобының 70 жылдық мерейтойымен тұспа-тұс келді.
• Жаңа модельдің негізінде бүкіл әлем бойынша 10 миллионнан астам данасы сатылған Land Cruiser мұрасы жатыр.
• Toyota Land Cruiser 300 жолсыз жерлерге арналған ауқымды мүмкіндіктерін асфальт үстіндегі жетілдірілген қозғалыс сипаттамаларымен толықтыра отырып, шын мәнінде нағыз жол талғамайтын автокөлікке айналды.
• TNGA жаһандық архитектурасына ауысу автокөлікті кез келген жолда қозғалған кезде бұрынғыдан да жайлы етуге, басқару мүмкіндігін жақсартуға және пассивті қауіпсіздіктің аса жоғары деңгейін қамтамасыз етуге мүмкіндік берді.
• Toyota Land Cruiser 300 көлемі 3,5 литрді құрайтын және қос турбоүрлегіші бар V6 жаңа бензинді күштік агрегатымен, сондай-ақ бұл сегмент үшін бірегей 10 сатылы трансмиссиямен дебюттік қадам жасады, бұл динамикалық сипаттамалардың, жайлылықтың және жанармайды үнемдеудің жаңа деңгейін қамтамасыз етеді.
• Шанағының ойластырылған геометриясының, дифференциалдарды блоктаудың үш мүмкіндігі бар тұрақты толық жетектің, AVS бейімделетін аспасының және Multi-terrain Select қозғалыс режимдерін таңдау жүйесінің арқасында аңызға айналған автокөліктің су жаңа буыны кез келген жолға арналған бірегей мүмкіндіктерге ие болды.
• Жаңа модельдің сатылымы Қазақстандағы Toyota ресми дилерлік орталықтарында 2021 жылдың 1 шілдесінен басталады.

 

/

 

Toyota Land Cruiser көлігінің автокөліктер әлеміндегі аңыз мәртебесі ешқандай шүбәсіз. Су жаңа Land Cruiser 300 автокөлігінің таныстырылымы автокөліктер әлеміндегі 2021 жылдың басты жаңалықтарының біріне айналды. Бұл модельдің тарихы 70 жылдан асады, 170 ел мен өңірде автокөліктің 10 миллионнан астам данасы сатылды. Toyota компаниясы Land Cruiser автокөлігін «Сізді кез келген жерге жайлы жеткізіп, аман-есен қайтып алып келе алатын көлік» деп мақтанышпен мәлімдейді.

Бүгін Toyota жаңа Land Cruiser 300 автокөлігін ұсынады, оның әлемдік тұсаукесері 9 маусымда Дубай қаласында онлайн-форматта өтті. Бұл автокөлік брендтің жаңа флагманына, әрі автокөлік өндірісіндегі бұрын-соңды болмаған инновациялар үлгісіне айналады.

Жаңа Land Cruiser 300 автокөлігімен Toyota компаниясы жол үстіндегі және жолсыз жердегі жоғары деңгейлі сипаттамаларымен ерекшеленетін, қандай сапарға шықса да жүргізушілердің бойына сенімділік ұялататын төзімді, сенімді және сапалы (ТСС) автокөліктер өндірушісі ретіндегі имиджін нығайтуды жалғастырады.

 

/

 

Жаңа қозғалтқыштар, берілістер қорабы және платформа модельдің жол үстіндегі сипаттамаларымен қатар ең күрделі жолсыз жерлерді бағындыру мүмкіндіктерін әлдеқайда жақсартуға бағытталған. Land Cruiser 300 жабыны бар жолдарда да, жолдан тыс жерлерде де пайдаланушылық сипаттамаларын, сенімділігін және қауіпсіздігін жақсартуға бағытталған инновацияларға және жетілдірулерге (технологиялар әлемінде баламасы жоқ жаңалықтарды қоса алғанда) ие болды.

Аңыз автокөліктің жаңа буыны TNGA жаһандық архитектурасының негізінде құрастырылған, ол жүру жайлылығы мен басқару жеңілдігінен бастап қауіпсіздігі мен шуылдан оқшаулауға дейінгі автокөліктің бүкіл базалық сипаттамаларын жоғарылатуға мүмкіндік берді. Модельдің негізінде TNGA-F жаңа платформасы жатыр, оның құрылымы автокөліктің ауырлық ортасын төмендетуге және осьтер бойынша салмақты үлестіруді жақсартуға мүмкіндік туғызды. Laser Tailored Blank технологиясының арқасында раманың көтергіш бөліктері жоғары дәлдікті лазерлі дәнекерлеу арқылы біріктірілген беріктігі жоғары болаттан және қалыпталған элементтерден жасалған.

Автокөліктің рамалық құрылымы сақталған. Рама қайта өңделіп жасалды, беріктігі жоғары болаттың көп мөлшерінің есебінен салмағы жеңілдеді және қаттылығы артты. Ал шанақтың алюминийден жасалған элементтері – капот, есіктер, алдыңғы қанаттар мен төбе – алдыңғы буынмен салыстырғанда жаңа Land Cruiser 300 автокөлігінің жалпы массасын 200 кг шамасына азайтуға үлкен септігін тигізді. Сондай-ақ модельге ешқандай аяушылықты білмейтін «Дакар» раллиіне қатысқан тәжірибелі сынаушы пилоттардың сынағынан өткен жаңа аспа орнатылды. Алдымызға асқан жүріп өткіштігінің болуымен қатар жолсыз жерлерде де, қала жолдарында да басқару жеңілдігімен ерекшеленетін жол талғамайтын көлік жасап шығару мақсаты қойылған болатын.

 

Король бездорожья
/

 

Рульмен басқару да жаңғыртылды: жол жабынынан берілетін дірілді мейілінше азайтатын жаңа руль механизмі мен күшейткішінің есебінен жақсартылған басқару мүмкіндігіне қол жеткізілді. Мұның бәрі Land Cruiser 300 автокөлігінің қатты жабыны бар жолдардағы, жолсыз жердегі жүрісін жақсартады және мегаполисте маневр жасауын жеңілдетеді.

Тежегіш механизмінің пішініндегі өзгертулер жауап қату жылдамдығын арттыруға және тежеу жүйесінің сезімталдығын жоғарылатуға мүмкіндік берді.

Автокөлік V6 қозғалтқыштарының жаңа гаммасымен: қос түрбоүрлегішпен жабдықталған 3,5 литрлік бензинді және 3,3 литрлік дизельді қозғалтқышпен қолжетімді болады. Дәстүрлі V8 қозғалтқышымен салыстырғанда олар үздік пайдаланушылық және жүріс қасиеттерін қамтамасыз етеді. Көлемі 3,5 л күштік агрегат үздік сипаттамаларға ие: 415 а.к. құрайтын қуаты мен 650 Нм айналдыру сәті едәуір салмағы бар жол талғамайтын көлікті 6,8 секунд ішінде 100 км/сағ жылдамдыққа дейін үдетеді. Қозғалтқыштың баптаулары айналымдардың бүкіл диапазонында біркелкі тарту күшін қамтамасыз етеді, бұл қалада жүргенде де, жолсыз жерде де қолайлы. Күштік қондырғы өз сегментінде бірегей болып табылатын 10 сатылы автоматты трансмиссиямен бірге жұмыс істейді, ол жоғары динамиканы, берілістерді ауыстырудың дәлдігін, жылдамдығын және жатықтығын қамтамасыз ете отырып, жанармай шығынын азайтуға ықпал етеді және айналдыру сәтін тиімді жүзеге асыруға мүмкіндік береді.

Land Cruiser 300 6 сатылы АБҚ-мен бірге жұмыс істейтін 4,0 л бензинді қозғалтқышпен қолжетімді болады.

 

Жолсыз жердің королі
/

 

Toyota Land Cruiser 300 автокөлігі оны теңдесі жоқ жол талғамайтын көлік ретінде сипаттайтын бірегей қасиеттерге ие. Бұл қасиеттер мықты рамасының және шанақ геометриясының үздік көрсеткіштерінің арқасында автокөлік құрылысына кіріктірілген. Жаңа Үлгі үш мәжбүрлі қатты блоктау мүмкіндігі бар тұрақты толық жетекпен, AVS бейімделетін аспасымен және VDIM белсенді басқарудың кіріктірілген жүйесімен жабдықталады. Соңғысы қозғалтқышты, трансмиссияны, рульдік басқаруды және аспаны кіріктірілген басқару функциясының көмегімен автокөлік жүйелерінің жұмысын қозғалыс жағдайларына мінсіз үйлестіреді. VDIM сондай-ақ жаңа буынды E-KDSS электронды басқаруы бар аспаны кинетикалық тұрақтандыру жүйесін бақылайды, ол асфальт үстіндегі қисаюларды жақсырақ еңсеруге және жолсыз жерде аспаның артикуляциясын барынша қолдануға мүмкіндік береді. Land Cruiser автокөліктерінің жаңа буыны аңызға айналған флагманның алдыңғы буындарымен салыстырғанда айтарлықтай ұлғайтылған дөңгелектердің максималды артикуляциясымен де ерекшеленеді.

Кез келген жер бедерімен жүріп өткіштікті анағұрлым жақсартатын кесілмеген сенімді артқы белдіктің арқасында автокөліктің шынайы жол талғамайтын рухы сақталып қалды. Torsen LSD жоғары үйкеліс дифференциалы дөңгелектер арасындағы айналдыру сәтін үлестіре отырып жол жабынымен тұрақты ілінісуді қамтамасыз етеді. Үлгі жаңа AUTO және «Омбы қар» режимдерімен толықтырылған үйреншіктіге айналған Multi-terrain Select қозғалыс режимдерін таңдау жүйесімен жабдықталады. Автокөлік түбінің астындағы кеңістікті проекциялау функциясы бар Multi-terrain Monitor жолсыз жермен жүру кезіндегі көмекші жүйесі жаңа 3D-көріністерге ие болды. Басқаруды оңтайландыру үшін жүргізуші бес түрлі қозғалыс режимдерінің бірін таңдай алады: ECO / COMFORT / NORMAL / SPORT / SPORT S+.

Бұдан былай іс жүзінде ешқандай шуылсыз жұмыс істейтін Crawl Control жолсыз жердегі тұрақты жылдамдықты ұстау жаңартылған жүйесін қоса алғанда осының бәрі төмендеткіш беріліспен бірге жаңа Land Cruiser 300 автокөлігін кез келген жол жағдайларында пайдалануға тамаша дайындалған автокөлікке айналдырады.

 

/
Экстерьерінің премиумдық мұрасы мен заманауи дизайны

Жетілдірулер тек техникалық аспектілерді ғана қамтыған жоқ. Үлгі өзінің бай мұрасын мен мәртебесін айқындап тұратын және жаңа «функционалды әсемдік» тұжырымдамасын көрсететін жаңа дизайнға ие болды. Land Cruiser 300 шанағының мәнерлі, таза сызықтары жол талғамайтын көліктің ішкі күшін, талғамшылдығын және кемелдігін білдіріп тұрады. Бұған дейінгі үйреншікті радиатор торы үлкейе, дөңгелек аркалары айшықтала түскен, ал бүйірлік айналар бағандардан есіктерге ауысқан. Сонымен бірге автокөлікке динамикалық секвенталды LED бұрылыс шамдары орнатылды. Және алғаш рет бұл Үлгі үшін мүлдем жаңа: қара көк металлик және премиумдық ақ меруерт түстері қолжетімді.

Жолсыз жермен қозғалғанда автокөлікті дәлме-дәл орналастыру мүмкіндігі басымдық болып табылады. Сондықтан жаңа Land Cruiser 300 габариттік ұзындығын, енін, дөңгелек базасын, көтеріліп міну және түсу бұрыштарын қоса алғанда осы модельге тән өлшемдерді сақтап қалды.

 

/

Эргономиялы және технологиялық интерьердің мінсіз жайлылығы

Модельдің интерьері сезімдердің жаңа деңгейін ұсынады. Land Cruiser 300 жүргізу тәжірибесін жақсартуға бағытталған заманауи технологиялармен жабдықталған.

Қозғалтқышты оталдыру кезінде саусақ ізін сканерлеу функциясы автокөлікті айдап әкетуден сақтандыруға арналған бірегей шешім болып табылады. Мұндай аутентификация автокөлікті басқаруға рұқсат берілген барлық тұлғаларды дәл анықтауға мүмкіндік береді. Жүйе саны 10-ға дейін саусақ іздерін тіркеуге мүмкіндік береді.

 

/

 

Рульде отырған адамның абсолютті жайлылығы үшін Toyota инженерлері жүргізушіні тану функциясын әзірледі. Ол орындықтың, сыртқы бүйірлік айналардың, руль бағанының, проекциялық дисплейдің және климат-контрольдің баптаулар жадынан тұрады және саусақ ізі сенсорының көмегімен бақылаудан өткеннен кейін баптауларды бірден іске қосады.

Проекциялық HUD-дисплей, панорамалық шолу камерасы және сызық белгілері бар артқы көрініс камерасы автокөлікті тиімді және қауіпсіз басқаруға көмектеседі. Артқы әйнектазалағыштарды іске қосқан кезде автоматты түрде артқы көрініс камерасы да тазартылады.

Интерьердегі жаңартулар тізімінен 7 дюймдік түрлі түсті мультифункционалды TFT-дисплей мен Apple CarPlay® және Android Auto® интерфейсін қолдайтын 12,3 дюймдік экраны бар мультимедиалық жүйе де бірден көзге түседі. Ал 14 динамигі бар премиумдық JBL аудиожүйесі телефон қоңыраулары және музыка тыңдау кезінде таза дыбысты қамтамасыз етеді.

 

/

 

Алдыңғы және артқы орындықтардың желдеткішімен Smooth Leather табиғи былғарыдан тігілген премиумдық тысқабы жүргізушінің де, жолаушылардың да теңдесі жоқ жайлылығын қамтамасыз етеді.

Артқы орындықтардың жолаушыларының жайлылығына ерекше көңіл бөлінген. Алдыңғы орындықтардың бассүйегіштерінің артқы жағына екі автономды монитор (Rear Seat Entertainment), сондай-ақ орталық консольге HDMI-порт пен гаджеттерді зарядтауға арналған екі USB-порт орнатылған. Жаңа жол талғамайтын көлікте үлкен топпен саяхатқа шығуға қолайлы болуы үшін электрлі жетекпен еден астына жиналатын орындықтардың үшінші қатары қарастырылған.

Toyota маркасының дәстүрлі қауіпсіздігі мен сенімділігі

Автокөлік құрылысының өзіне тән беріктігі, күрделі жағдайларда қозғалу кезіндегі мүлтіксіз көмекші жүйелер, сондай-ақ екінші буынды Toyota Safety Sense белсенді қауіпсіздік жүйелерінің кешені қауіпсіздік деңгейін айтарлықтай жоғарылатуға мүмкіндік туғызды. Соқтығысулардың алдын алу жүйесі (PCS) енді автокөліктің жүру жолындағы жаяу жүргіншілерді (тәуліктің жарық және қараңғы мезгілінде) және велосипедшілерді (тәуліктің жарық мезгілінде) анықтай алады. Жол қиылыстарынан өткен кезде PCS жүйесі сондай-ақ қарсы келе жатқан көлік құралдарымен және жолдан кесіп өтіп бара жатқан жаяу жүргіншілермен соқтығысу қаупін анықтайды.

Сонымен бірге пакетке динамикалық радарлы круиз-контроль (DRCC), визуалды және дыбыстық ескерту функциясы бар тұрақтан артқы жүріспен шығу кезіндегі көмекші жүйе (RCTA) кіреді. Қозғалыс барысында визуалды ескерту функциясы бар көзден таса аймақтарды бақылау жүйесі (BSM) бүйірлік айналардың көріну аймағынан тыс жерде бағыттас келе жатқан автокөліктердің болуын бақылайды. Жолдың белгілеме сызықтарының болжанбаған қиылысуы туралы ескерту жүйесі (LDA) қозғалыс жолағының ортасында ұстап тұру жүйесімен (LTA) бірге жұмыс істейді. Белсенді қауіпсіздік пакетін жүргізушінің шаршауын бақылау және ақпараттандыру жүйесі (SWS) және шалғай жарықты таяу жарыққа ауыстыру жүйесі (AHB) толықтырады.

Жаңа Land Cruiser 300 тұраққа қою кезінде автоматты тежелу жүйесімен жабдықталады, ол тұрақ алаңында төмен жылдамдықпен қозғалған кезде автокөліктің алдында және артында кедергілердің бар-жоғын, сондай-ақ тұрақ орнынан артқы жүріспен шыққан кезде жақындап келе жатқан автокөліктерді және жаяу жүргіншілерді анықтайды.

Жүргізушінің және жолаушылардың жан-жақты қорғалуы және қауіпсіздігі үшін Land Cruiser 300 10 қауіпсіздік жастығымен жасақталған.

Арнайы сериялар

Land Cruiser моделінің 70 жылдық мерейтойының құрметіне клиенттер үшін саны шектеулі Land Cruiser 300 70th anniversary сериясы қолжетімді болады.

Сондай-ақ аңызға айналған жол талғамайтын көлік бірегей GR Sport жинақтамасымен ұсынылатын болады. Нұсқаның эксклюзивті сипаты автокөлік интерьері мен экстерьеріндегі спорттық бөлшектермен айшықталып көрсетіледі. Қазақстанда және Қырғызстанда Land Cruiser 300 GR Sport жинақтамасында осы жылдың қыркүйек айында сатылымда пайда болады.

Су жаңа Land Cruiser 300 автокөліктерінің сатылымы Қазақстанда 1 шілдеде барлық Toyota ресми дилерлік орталықтарында басталады. 2021 жылдың ең басты жаңа автокөліктерінің біреуінің бағасы 35 300 000 теңгеден басталады (41 150 000 теңге – қозғалтқышының көлемі 3,5 л Land Cruiser 300 үшін бастапқы баға).

Флагмандық жол талғамайтын көліктің тарихы

Land Cruiser автокөліктерінің пайдалану қауіпсіздігі мен сенімділік тарихы 70 жылдан асады. Ол 1951 жылғы ең күрделі жолсыз жерлерді еңсере алған және Фудзи тауының алтыншы сатысына көтерілген ең алғашқы автокөлік атанған Toyota BJ моделінен бастау алады. Осыдан кейін ол бүкіл Жапонияда полицияның патрульдік көлігі ретінде қолданыла бастайды.

Land Cruiser моделінің пайдаланудағы қауіпсіздік және сенімділік дәстүрі осылай басталды. Осы қағидалар автокөлік өндірушісі ретінде Toyota компаниясының бүгінгі мәртебесінің негізінде жатыр. Жалпы алғанда бүкіл әлемде 10,4* миллионға жуық Land Cruiser автокөлігі сатылды. Жол талғамайтын көлік төзімділігінің, сенімділігінің, сапасының және өткіштігінің бұлжымайтын жоғары деңгейлерімен әйгілі.

Осы сипаттары Land Cruiser автокөлігін шалғай аймақтарда тұратын адамдардың орны толмас құралына айналдырды. Ол гуманитарлық операцияларда және сұрапыл апаттар кезінде көмек көрсету мақсаттарында қолданылады.

* 2020 жылдың соңындағы ахуал бойынша.

 

Land Cruiser автокөлігінің негізгі межелері
Үлгі Сатылу кезеңі Сипаттамалары
BJ 1951 жылғы тамыз — 1965 жылғы қаңтар Жапонияның ұлттық полиция қызметі үшін әзірленген түпнұсқа Үлгі. Жапонияның бас полиция басқармасында патрульдік машина ретінде қолданылды. Үлгі Фудзи тауының алтыншы сатысына көтерілген алғашқы автокөлікке айналды. 1954 жылы оның атауы Land Cruiser болып өзгертілді.
20-серия 1955 жылғы қараша — 1959 жылғы желтоқсан Сыртқы келбеті өзгертілген, азаматтық қолданысқа арналған екінші буын моделі. Land Cruiser автокөліктерінің өзге елдерге экспортталуы және Toyota автокөліктерінің Жапония аумағынан тыс жердегі сапасы мен төзімділігін дәлелдеуі осы модельден басталды.
40-серия 1960 жылғы тамыз — 1986 жылғы қазан Жол талғамайтын көліктің үшінші буыны Land Cruiser моделіне тән сенімділігі, төзімділігі мен жүріп өткіштігі үшін бүкіл әлем бойынша жоғары бағалар мен танымалдыққа ие болды. Бұл Үлгі 24 жыл бойы сатылып келді, оны әлі күнге дейін жолдарда кездестіруге болады.
50-серия 1967 жылғы тамыз — 1981 жылғы шілде Жаңа ерекше дизайны бар толық функционалды нұсқа. Бүгінгі 300-ші сериялы модельдің алдыңғы буыны анағұрлым кең және жайлы салонымен, сондай-ақ Land Cruiser фирмалық сипатымен ерекшеленді.
60-серия 1980 жылғы тамыз — 1990 жылғы қаңтар 50-серияның орнын басқан Үлгі. Үлкейтілген жолтабан енінің арқасында бағдарлық тұрақтылығы жақсарды. Жол талғамайтын көлік жеке клиенттердің қажеттіліктерін қанағаттандыратын жайлылықты арттыруға арналған жабдықтармен жасақталды.
70-серия 1984 жылғы қаңтар — біздің уақыт 40-серияның жалғасына айналған ауыр пайдалану жағдайларына арналған heavy-duty нұсқасы әлі күнге дейін шығарылып келеді. 1985 жылы стандартты пайдалану жағдайларына арналған light duty нұсқасы, ал 1990 жылы — Prado нұсқасы шықты.
80-серия 1989 жылғы қазан — 1998 жылғы қаңтар Land Cruiser автокөліктерінің жолсыз жердегі қабілеттерін аса жоғары деңгейге көтерген Үлгі. Жабдықталу деңгейі мен жүріс сипаттамалары премиум класы талаптарына сәйкес келді.
90-серия 1996 жылғы мамыр — 2002 жылғы қазан Алдыңғы аспасы тәуелсіз алғашқы Land Cruiser. Бұл Үлгі стандартты пайдалану жағдайларына арналды және жолдағы қасиеттерін және жүрісінің жатықтығын жақсартуға ықпал еткен және осы орайда модельдің жолсыз жердегі қабілеттілігін жоққа шығармаған эксклюзивті шанағымен ерекшеленді (Prado автокөліктерінің екінші буыны).
100-серия 1998 жылғы қаңтар — 2007 жылғы тамыз 80-серияның мұрагері — тәуелсіз алдыңғы аспасы бар алғашқы Үлгі. Жақсартылған жолсыз жердегі және жолдағы қасиеттерінің және жүрісінің жоғары жатықтығының арқасында бұл Үлгі тамаша жол талғамайтын көлікке айналды.
120-серия 2002 жылғы қазан — 2009 жылғы тамыз Стандартты пайдалану жағдайларына арналған бұл Үлгі қаттылығы жоғары жаңа рамаға ие болды (бұл бөлек рамасы бар алғашқы Land Cruiser) және жақсартылған жолсыз жердегі қасиеттерімен ерекшеленді. Электронды басқару жүйелері жолдағы сипаттамалары мен қозғалыс кезіндегі жайлылықты жақсартуға мүмкіндік туғызды (Prado автокөліктерінің үшінші буыны).
150-серия 2009 жылғы қаңтар — біздің уақыт Стандартты пайдалану жағдайларына арналған Үлгі анағұрлым қатты шанаққа және өткіштікті арттыруға арналған озық технологияларға ие болды (Prado автокөліктерінің төртінші буыны).
200-серия 2007 жылғы қыркүйек — 2021 жылғы көктем. 100-серияның мұрагері, бөлек рамаға ие болған Үлгі. Қайта өңделген платформа шанақтың анағұрлым жоғары қаттылығын, ұзақ уақытқа төзімділігін, қауіпсіздігі мен жайлылығын қамтамасыз етті.

}