Toyota-ның ресми сервисінің құндылықтары

TOYOTA ФИНАНС

Toyota компаниясының жұмыс ітсеудегі негізгі қағидасы – бірінші орында клиент. Ол компания қызметінің барлық түріне қатысты, сондықтан Toyota автокөліктерді аса жоғары сапа стандарттарына сай өндіреді және олардың иелерінің қауіпсіздігі мен жайлылығын ойлайды. "Toyota-ның Ресми сервисі" – компанияның сіз бен сіздің автокөлігіңіздің қамын ойлайтындығының символы.


Біз "Toyota-ның ресми сервисін" Toyota компаниясының Сіз бен Сіздің автокөлігіңіздің қамын ойлайтынын көрсететін бірегей бренд ретінде мақтанышпен таныстырамыз

 

 

АШЫҚТЫҚ

 

Ақпараттың дұрыстығы


Toyota клиенттерге қызмет көрсету уақыты туралы нақты әрі дұрыс ақпаратты береді. Егер қосымша жұмыстар қажет болған немесе жұмысты белгіленген уақытта аяқтау мүмкін болмаған жағдайда, біз бұл жайында клиентке алдын ала хабарлаймыз.
Біз клиенттердің сенімі мен құрметіне екі тәсілмен: дұрыс ақпарат беріп, сапалы қызметпен қамтамасыз ету арқылы ие болуға талпынамыз. Сонымен қатар, біз клиенттердің қажеттіліктерін дұрыс анықтап, компанияның көзқарасы тұрғысынан ұтымды шешімдерді ұсыну үшін оларды мұқият тыңдаймыз.

 

ҚҰНДЫЛЫҚ

 

Қажеттіліктерге сай болу


Біз Toyota автокөліктерінің қызмет ету мерзіміне қарамастан, әр клиентке лайықты техникалық қызмет ұсынамыз.

Ұзақ мерзімді құндылық
Клиенттердің инвестициясы нық қорғалған, себебі Toyota автокөлігіне мамандар көресететін қызмет оның жоғарғы қалдық құнын сақтайды.

 

ЫҢҒАЙЛЫЛЫҚ

 

Жайлылық


"Клиент бірінші орында" деген қағидаға сүйене отырып, біз кез келген жағдайда клиенттер үшін жайлы жағдай жасаймыз. Біздің түсінігіміздегі жайлылық – бұл өнімдер мен қызметтердің қолжетімділігі, кәсіби және жылы шырайлы қызметкерлер мен Toyota-ның ресми станциясындағы жайлылық.
Біз компанияның стандарттарына сай тиімді техникалық қызмет көрсетеміз. Басты мақсат – автокөлікті Сізге жылдам әрі қауіпсіз қайтару.

 

САПА

 

Кепілдендірілген нәтиже


Toyota автокөліктерін оны жасаушылардан артық ешкім білмейді және Toyota автокөліктеріне ешкім Toyota-ның ресми қызмет көрсету орнында жұмыс істейтін және автокөліктерге дұрыс қызмет көрсетуді меңгерген механиктерден сапалы қызмет көрсете алмайды.
Toyota-ның түпнұсқалық қосалқы бөлшектері
Біз Toyota-ның тек нақты автокөлікке арналып жасалатын және сапасы компанияның жоғары стандарттарына сәйкес келетін түпнұсқалық қосалқы бөлшектерін ғана орнатамыз.

 

}